Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    Өңірдегі кезекті жұмыс күні  Т.Рысқұлов ауданында жалғасты. Аудандағы Құмарық ауылдық округінің әкімі - Б.Мансұрдың 2021 жылға атқарылған жұмыстары туралы халық алдындағы есеп беруіне қатысып, Қаракемер ауылының тұрғындарымен жүздесіп, олардың ұсыныстары мен талап-тілегін тыңдады. Жалпы Құмарық ауылдық округінде 2021 жылы әлеуметтік – экономикалық жағдайды дамытуға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылған. Әкімдік аумағында 630 отбасында 3685 адам тұрады. Округ бойынша 2 орта мектеп, 1 балабақша, 2 мектеп жанындағы шағын орталық, 1 ақпараттық орталық, 2 ауылдық кітапхана, 1 балалар кітапханасы, мәдениет үйі, пошта және дәрігерлік емхана, бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығы, Е.Ыбраимов атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және екі мешіт халыққа қызмет етеді. Жыл бойында мекемелермен шаруа қожалықтарға, жеке кәсіпкерлерге тұрақты жұмысқа 104 азамат орналасқан. Осы жылы 75 отбасына демеушілердің көмегімен 600 000 теңгеге көмек көрсетіліп, аз қамтылған 1 отбасына Асарлатып үй салынып берілген. Еңбек бағдарламасының «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы 18 кәсіпкер 76 млн 400 мың тенге несие алып, мал шаруашылығымен айналысуда. Еңбек бағдарламасының тағы бір бағыты қайтарымсыз гранттың 7,6 млн қаржысын 13 ауыл азаматы иеленген. Барлық кәсіпкерлер өз бағыттары бойынша кәсіптерін ашып, жұмыстарын жүргізуде. Аталған ауылда өткен жылы Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдығы қарсаңында су іркуіш ғимараты қолданысқа беріліп, үш елдімекенді таза ауыз сумен қамтамасыз етілген.
Еңбек жолын информатика пәнінің мұғалімі болып бастаған Болат Шәкіртұлын былтырғы жылы ауыл тұрғындары халық арасынан өздері ауыл әкімі етіп сайлаған. 2021 жылы ауылдық округ бойынша 9 тұрғын үй құрылысы жүргізілген. Округтегі 15 көше жолдарының, 14 көшесі асфальтталып, ауылдағы барлық үйлерге табиғи газ құбыры жүйесі жүргізілген. Осылайша аталған ауылдық округ инфрақұрылым жүйесімен толықтай қамтылып отыр. Есеп барысында ауыл тұрғындарыңын ұсыныстары мен сұрақтары тыңдалып тиісті жауаптар алынды. Әсіресе ауыл тұрғындарының басты мәселесінің бірі мектеп оқушыларын тасымалдайтын мемлекеттік тапсырыс шеңберіндегі автобустарды жергілікті аудан атынан қабылдау. Депутат әкімдіктің назарын осы мәселені шешуге аударды.