Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

  21 ақпанда депутат Г.Нұрымова Т.Рысқұлов ауданындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Аудандық орталық ауруханасының материалдық-техникалық базасымен танысып, ем алушылар мен науқастардың хал-жағдайын сұрастырды. Аталған аурухананың сыйымдылығы 129 төсектік стационар, 85 төсектік COVID-19 ауру емдейтін жұқпалы аурулар стационары және 214 тәуліктік төсек орынмен қамтылған. Ауруханада барлығы 841 адам жұмыс істейді.
Аурухананың Бас дәрігері - Шындос Кершаизұлының айтуынша 2003-2006 жылдары салынған бұл аурухана бүгінде күрделі жөндеуді қажет етеді. Сонымен бірге, жаңа емхана қажеттігі мәселесі аудандағы өзекті мәселе болып отыр. Халық игілігі үшін жасалып жатқан жұмыс тәртібін көзбен көріп, жергілікті дәрігерлермен кездесті. Қойылған бірқатар сұрақтары мен ұсыныстарын естіп, туындаған мәселелердің оң шешімін қарастыратындығын айтты.
    Сондай-ақ, Каменка ауылында орналасқан «Т.Рысқұлов аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының» жұмысымен танысты. Келесі айда пайдалануға беріледі деп жоспарланып отырған бұл нысан 2005 жылы салынған. Қазіргі таңда күрделі жөндеуден өтуде. Қызмет алушылардың өмірінің сапасын арттыру және өмірде кездесетін қиындықтарды жеңуге ықпал ету мақсатында ашылғалы отырған бұл нысан 80 орынды. Мүмкіндігі шектеулі балаларға сапалы білім, саналы тәрбиемен қатар тиісті ем береді деп күтілуде.
    Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың спорт саласын дамытуға басты назар аударғаны және келешек жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып спортпен айналыссын деген ұраны белгілі. Бүгінде осы мақсатта жаңадан салынған Луговой ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені. Жақында қолданысқа берілетін бұл нысан 11 мыңнан аса халқы бар Луговой ауылының тұрғындары үшін қуанышты жаңалық. Қазіргі таңда Т.Рысқұлов ауданына бұқаралық спортты дамыту мақсатында және ауылды жерлерде спортпен шұғылданушылардың санын арттыру мақсатында аталған нысанда 5 спорт түріне балаларды баулымақ. 17 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған нысан заманауи және әдемі дизайнмен, шығармашылықпен айналысуға ыңғайлы, жаңа технология бойынша қажетті компоненттермен жабдықталуда. Бұл орталық бүгінде ауылдың мақтанышы! Жақын арада бұл өз нәтижесін беріп, чемпиондар шыққан киелі мекеннен ары қарайда чемпиондар шығатынына сенімдіміз.