Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    21 ақпан күні депутат Нұрымова Г.А. жұмыс сапары барысында аудандық полиция бөліміне бағыт бұрып, полиция қызметкерлерімен кездесті. Бүгінгі таңда аудандық полиция бөлімінде 89 полиция қызметкері аудан халқының тыныштығын күзетеді. Аудандық ішкі істер қызметкерлері - жалақы мәселесі, Полиция құқығы туралы арнайы Заң қабылдау бойынша ұсыныс-пікірлерін білдіріп, тиісті жауаптарын алды. Айта кететіні, жыл басында Тәуелсіз Қазақстан тарихында орын алған «Қасіретті қаңтар» оқиғасында Т.Рысқұлов ауданының тұрғындары мен аудандық ішкі істер қызметкерлері біріге отырып, аудан халқының тыныштығын күзеткен. Жұмыла көтерген осы бір жұмыстарының арқасында аталған көріністе аудан тұрғындары мен жастарыныңда болмағаны қуантатын нәтиже. Бұл аудан халқының айқын ауызбіршілігінің көрінісі деуге болады.