Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    22 ақпан. Кезекті жиналыс аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері, ақсақалдар кеңесінің мүшелері, зиялы қауым өкілдерімен өтті. Жиын барысында аудандық Полиция бөлімінің басшысы - С. Мамытбековтың 2021 жылдың 12 айлық қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстардың баяндамасы тыңдалды. Жергілікте жерде жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде алдыңғы жылмен салыстырған қылмыс деңгейі төмендеген. Сондай-ақ, ақсақалдар алқасы мен билер кеңесінің мүшелерінің ұсыныстары мен өтініштері тыңдалды. Ардагерлер кеңесінің төрағасы - Қ. Иманалиев ауылдық жерлерде мал шаруашылығына бөлінетін субсидиялардың санын көбейтумен партияның жұмыстарын күшейте отырып, білікті жас кадрларды мемлекеттік жұмысқа араластыруын айтса, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Ш. Мамасерікова апамыздан халықтың тыныштығын күзетіп, Отанына патриот болып күні-түні қызмет етіп жүрген Полиция қызметкерлерінің жалақысын өсіру жөнінде ұсыныс келсе, ардагер ұстаз Қ.Тәттіғұлова мен ардагерлерлер кеңесінің мүшелері қоғамда болып жатқан сыбайлас жемқорлықпен күресу керектігін баса айтып,, жас мамандарды жұмыспен қамтылу деңгейін күшейтуді ұсынды.Айтылған мәселелерді тыңдай отырып, депутаттық сауалдар жолдайтын боламыз.