Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    Адамның басты байлығы денсаулық десек, аудан орталығында халық игілігі мен денсаулығы үшін жұмыс жасап жатқан орталық аурухананың жұмыстарымен депутат танысты. Жобалық қуаттылығы 195 тәуліктік төсек болатын аурухана ғимараты барлық талаптарға сәйкестендірілген. 1983 жылы бой көтерген нысанға соңғы рет күрделі жөндеу жұмыстары 2015 жылы жүргізіліпті. Қазіргі таңда 25 дәрігер, 115 орта буынды медициналық қызметкер, 74 кіші буынды медициналық қызметкер жұмыс істейтін ауруханада жалпы терапиялық, жүйке аурулары, жалпы хирургия және травматология, акушер-гинекологиялық, балалар, жұқпалы аурулар, физио терапиялық сынды бірқатар бөлімшелері жұмыс істейді.
Сонымен қатар ауруханада “Инбади” аппараты тұрғындарға сапалы қызмет етуде. Заманауи аппарат адамның салмағын, қаншасы еттен және сүйектен тұратынын анықтауда зор рөл атқарады. Бұл өз кезегінде ауруды анықтауда өз тиімділігін көрсетуде. Рас, күніне мыңдаған тұрғынға қызмет көрсететін ауруханада проблемалар да жоқ емес. Нақтырақ айтқанда, нысан күрделі жөндеуді талап етеді. Соның мұнда кадр тапшылығы да бар. Әлбетте, сапалы қызмет көрсету үшін мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсарту. Бұл тұрғыда мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі өзекті. Аталған мәселелерді депутат назарда ұстап, жұмыстарды жалғастырады.
    Келесі кезекте Сұрат ауылдық округінде орналасқан дәрігерлік амбулаторияның жұмыстарымен таныстық. Өткен жылдың желтоқсан айында ел игілігіне берілген амбулаторияда 1 дәрігер, 6 медбике жұмыс істейді. Олар тәулігіне 30 науқас қабылдайды. Құрылысы сапалы жүргізілген амбулаторияда мамандар тұрғындар үшін жоғары деңгейде қызмет көрсете беруі тиіс.