Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

   22 ақпанды ауданға іс-сапар барысында депутат Г.Нұрымова Владимир Савва атындағы №9 мектеп-лицейінің жұмысымен танысып, жұмысшыларымен кездесті. Аудандағы алдаңғы қатарлы білім ордаларының бірі болып табылатын лицей 2017 жылы “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында бой көтерген жаңа ғимаратқа көшкен. Осылайша, 2018 жылы мектеп-лицей статусын иемденген. Қазіргі таңда білім ордасында -1612 жас өскін екі маусымда білім алуда. Айта кетерлігі, мектеп-лицейде көп ұлтты болып табылады. Мұнда 17 ұлт өкілдері оқиды. Өз кезегінде оларға 182 ұстаз сабақ береді. Олардың қатарында әр түрлі санаттағы мұғалімдер бар. Бүгінде мектеп-лицейдің өз жылыжайы жұмыс істейді. Ұрпақтар сабақтастығы негізінде салынған жылыжайды түлектер сыйға тартқан. Өскелең ұрпақты еңбекке баулу мақсатында жылыжай қабырғасында жас натуралистер үйірмесі жұмыс істейді. Бұл өз кезегінде алған білімді практикада қолдануға тиімді.
Сондай-ақ сабақтан тыс уақытта түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізуге, әр түрлі дақылдардың өсуіне заманауи жаңа инновациялық әдіс тәсілдерді үйренуге өз септігін тигізуде. Бұл оқушылардың болашақ мамандығын таңдауға да әсер етпек.
Сонымен қатар білім ошағында Т. Рысқұлов атындағы Тарихи-өлкетану мұражайынында болдық. Бүгінде мұражайға айналған ғимарат 1860-1870 жылдары салынса, 1910 жылы еліміздің қоғам қайраткері, біртуар азамат Тұрар Рысқұлов білім алған. Бұдан өзге ел тарихында ойып орын аларлықтай орны бар Алаш қайраткерлері - Қабылбек Сармолдаев, Мақсұт Жылысбаевтар да білім алған.
    Мектеп-лицей жұмысымен танысу барысында болашағымыздың баянды болатынына тағы бір рет көз жеткізе отырып, тарихын тат баспаған қазақ елінің болашақ ұлы ұрпақтарына деген ізгі-тілегімізді айта отырып, депутат өз қолтаңбасын қалдырып, ізгі тілек жазды.