Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    Күннің сонында депутат Г.Нұрымова Андас батыр ауылдық округі, Гранитогорск кентіндегі Гранитогор санаториялық мектеп-интернатындағы балалардың жағдайымен танысты. 1959 жылы салынған нысан 180 орынға арналған. Қазіргі таңда 83 оқушы (оның ішінде аз қамтылған отбасылардың балалары да бар) білім алып жатса, оларға әр түрлі санаттағы 45 мұғалім сабақ береді. Айта кетерлігі, мұнда білім алатын оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Алайда, интернат ғимараты 59 жылдан бері күрделі жөндеу жұмыстарын көрмеген. Дегенмен ағымдағы аталған олқылықтың орны толып, жөндеу жұмыстары жүргізіледі екен. Бірақ, нысан қанша жерден ескі болғанымен жылы және таза. Бұған интернаттың оқу сыныптарымен танысу кезінде куә болдық. Онда қызмет ететін кіші қызметкерлердің жалақысы төмен. Нысанда жеке асхана қарастырылмаған. Жатақхана ескі. Бұл күн тәртібіндегі ұстаздық ұжымның айтқан өзекті мәселелері.
    Болашақтың бағдары жастар дейтін болсақ, олардың білім алуы үшін барлық жағдайды жасау керектігін ескере отырып, аталған мәселелер бойынша жергілікті органдармен жұмыс жасайтын боламыз.