Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    23 ақпанда депутат Г.Нұрымова Жуалы ауданындағы аудандық орталық кітапхананың «Білім» орталығында ауыл жастарымен, өзін-өзі жұмыспен қамтығандармен және жұмыссыз санаттағы жастармен кездесу өткізді. Кездесу барысында ауыл жас тұрғындары диплом алып, ауылға келген кейбір жастардың оқыған кәсібімен жұмыс таппай жүргенде, үш жыл өте шығатынын алға тартып, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының мерзімін қолданыстағы үш жылдан бес жылға ұзартуды ұсынды. Ал Т.Мақышбек өзінің таяуда әскер қатарынан келіп, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша үш айдан бері жұмыс істеп жүргенін айтты. Ол «Президент жастарды әскер қатарында жүргенде білім беріп, бір кәсіпке баулу қажеттігін айтқан еді. Егер жастар әскерде жүріп, белгілі бір мамандық иесі болып қалыптасатын болса, онда жастардың әскер қатарында қызмет етуге құлшынысы артар еді» деген ойын білдірді. Сондай-ақ, ұсынытар ішінде  жас отбасыларға баспана алуға мемлекет тарапынан жеңілдетілген пайызбен несие берілсе, «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына қатысушы жастар санатына бюджеттік мекемелердің де қызметкерлерін қосса» деген өтінішінтер болды. Жұмыссыз жастарға мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз гранттың сомасын ұлғайту туралы өтініш қайырылды. Сонымен қатар, аудандық жастар ресурстық орталықтың директоры М.Телеушов «орталықтың аймақтарда жұмыс істейтін жастар ісі жөніндегі нұсқаушыларының статусы анықталмаған, олар білім беру, мәдениет секілді белгілі бір салаға жатқызылса, «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасымен баспана алу мүмкіндігіне ие болар еді» деген ұсынысын білдірді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Аманбеков мектепке түсе алмаған жастарды ауыл әкімдері отбасындағы шаруа қожалықтарының мүшесі, яғни жұмыспен қамтылған деп көрсетіп, жастар арасындағы жұмыссыздықтың деңгейін азайтуға күш салып келе жатқанын, сондықтан оқушыларға кеңес заманындағыдай мектеп қабырғасында кәсіптік білім берудің маңызды екенін айта келе, «олар орта білім туралы аттестатпен қатар ауылға қажетті мамандық алып шықса, еңбек нарығында бүгінгідей теңсіздік белең алмаған болар еді. Алайда, қазір мектептерде оған қажетті материалдық-техникалық база жоқ. Сондықтан да бұл мәселені мемлекет деңгейінде тереңінен ойластыру қажет» екенін айтты.
    Ардагерлер мен жастардың ұсыныс-тілектерін тыңдай депутат келе облыс көлемінде жастар саясаты мәселелері басқармасы тарапынан «Әулиеата жастары» атты бағдарламасы аясында жастардың баспаналы болуына ықпалы тиетінін, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасы қаралып жатқанын жеткізді: "Бүгін баршамыздың алдымызда «Жаңа Қазақстанды» құру міндеті тұр. «Жаңа Қазақстан» жастардан басталады, оны құруды әр азамат өзінен бастауы керек. Қоғамда үлкен өзгерістер болады, жастарға көп көңіл бөлінетіндігіне сенімдімін."