Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    23 ақпанда келесі кездесуді депутат Г.Нұрымова мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған ата-аналармен өткізді. Ауданда мүмкіндігі шектеулі балалар үшін бір педагогикалық-психологиялық-медициналық түзету кабинеті мен бір оңалту орталығы жұмыс істейді. Кездесуге қатысушылар педагогикалық-психологиялық-медициналық түзету кабинетінің ғимараты ескі әрі тар екенін, балалармен жұмыс істеу үшін кең, жайлы ғимарат, сонымен бірге шалғайдан балалар тасымалына бір «Инватакси» қажет екенін және республикалық оңалту орталығына аутизм диагнозымен әр өңірден бір жылға тек бір ғана квота бөлінетіндігін, осы квотаның санын ұлғайтуға ықпал етуді сұрады. Екі мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған ана медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының мүгедектік мерзімін бір жылға беретінін, балаларға санаторийларға жолдама алудың қиындығына шағымданды. Ол осы ретте «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына жүгініп, баласын емдетуге қалай көмек алуға болатынын сұрады. Көпбалалы ана Г.Сартбаева баласының бір айлығында инсульт алып, церабралды сал ауруына шалдыққанын айтып, «осы санаттағы балаларға арналған үйірмелер ашылса» деген ұсынысын жеткізсе, жалғыз басты ана Б.Қалмырзаева балалар киетін ортопедиялық аяқ киім сапасының өте нашар екендігін айтты. Депутат ата-аналардың шағымдарын тыңдай отырып, мұқият тыңдаған мүмкіндігі шектеулі балалардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін барлық сын ескертпелерді назарға алатынынын айтты. Сонымен қатар кездесуге қатысқан аудан әкімі О.Қаржауов мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсететін мекемелердің ғимаратына қатысты сұрақ бойынша аудан бюджетінен 60,0 млн теңге бөлініп, биылғы жылы лайықты ғимарат болса, сатып алып пайдалануға беретінін жеткізді. Әр баланың денсаулығы қоғам үшін ең үлкен мәселе. Қойылған сұрақтар, айтылған ұсыныстар бойынша депуттаттық және әкімдік жұмыс жалғасады.