Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    23 ақпанда аудандағы жұмыс сапары барысында депутат Г.Нұрымова Қарасаз ауылдық округі әкімінің есеп беру жиынына қатысты. Жиында ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы Ғ.Үмбеталиев 2021 жылы атқарылған жұмыстардың қорытынды есебін баяндады. Жасалған жұмыстар мен тыңдалған есеп барысында ауыл тұрғыны Ж.Сейдалиев ауылдағы шаруа қожалықтарда механизатор жастардың азайып бара жатқанын, трактор айдайтын ер адамдардың жас шамасы 50-ді алқымдаған үлкен кісілер екенін айтып, ауыл шаруашылығына жастарды тарту жұмыстарына басшылар өз үлестерін қосса деген ұсынысы мен ауылда жайылым мәселесінің өзекті екенін де жеткізді. Ауыл ақсақалы А.Тұрмағамбетовтың айтуынша, жыл сайын №16 Жуалы колледжінде 20 жас механизатор мамандығын тамамдап шығады. Осы орайда, ауыл шаруашылығына жақын жастарды ауылға тарту үшін белгілі бір бағдарламаларды, қызықты шараларды ұйымдастыру керегін және колледждің маңындағы бос тұрған 4 қабатты ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізіп, жас мамандар мен отбасыларға берсе деген тілегін жеткізді. Тұрғындардың сұрақтары өткір, нақты ұсыныстар болды. Округ әкіміне, аудан әкімдігіне ойланатын және жұмыс істейтін нәрсе бар. Депутаттар оларды шешу бойынша жоспарларды іске асыруға көмектесуге дайын.