Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    24 ақпан. Бүгінгі кезекті депутаттық жұмыс сапар Байзақ ауданындағы партия филиалында аудан тұрғындарының жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізумен басталды. Қабылдауға алдын-ала жазылған тұрғындар өздерін толғандырып жүрген мәселелерге қатысты көкейкесті сауалдарын қойды. Атап айтсақ, Ақшолақ елді мекенінен келген Қайрат Мәдиев ауылындағы жайылым жер өзекті мәселенің бірі болып отырғанын жеткізді. Осы мәселені шешу мақсатында жергілікті атқарушы орган тарапынан 2020 жылы облыс әкімі мен облыстық мәслихаттың шешіміне сәйкес, сол ауылға жақын орналасқан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі бойынан 505 гектар жайылым жер телімі елді мекенге мал жаю үшін берілген. Дегенмен, жергілікті тұрғындардың қолда бар малына жайылым таршылық ететінін және тұрғын үй салуға керекті жер теліміне қатысты ұсынысын білдірді.
Сарыкемерлік тұрғындар қатарында, көп балалы ана, кәмелет жасына толмаған 5 баласы бар Савли Уразалиева, кәмелет жасына толмаған 3 баласы бар Гүлнұр Медеева және жалғызбасты ана Ақбота Сарсенбиева мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жөнінде сұрақтарын қойып толыққанды жауаптарын алды. Сонымен қатар, Сарыкемер ауылдық округінің әкімі Сәуле Тлеуқұлова жаңа қабылданған Заң бойынша ұсынысын білдірді. -Жаңа Заң негізінде ақылы қоғамдық жұмысқа мемлекеттік мекеме болсын немесе жеке сектор болсын жалпы жұмысшы санының тек 40 пайызын алуға құқылы. Сарыкемер ауылдық округі әкімінің аппаратында 17 қызметкер жұмыс істесе, демек, тек 6 қызметкер ғана ала алады.
Сарыкемер ауылында 35 мың халық тұрады. Ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылған 6 қызметкер осынша халқы бар аудан орталығының тазалығын игере алмайды - деп, аталған заңның тиісті бабына түзету енгізу туралы өтінішін жеткізді. Тұрғындардың сұрақтарына қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер беріле отырып ұсыныстары бойынша сауалдар жолдайтын болады.