Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    24 ақпанда өткен депутаттың келесі кездесуі Ботамойнақ ауылдық округіндегі ауыл тұрғындарымен, шаруашылық тауар өндірушілері және шаруа қожалықтардың жетекшілерімен болды. Кездесу барысында «Қайнар» шаруа қожалығының жетекшісі А.Алиев әйел азаматшалардың зейнетке шығу жасын 55 жасқа қалдыруын ұсынып, минералды тыңайтқышты шаруа қожалықтарына жылдам әрі қол жетімді етуін сұрады. «Жеңіс - 2017» су пайдаланушылар кооперативінің төрағасы С.Нұрғалиев құрғақшылық болуына байланысты шаруа қожалықтарға экологиялық ағын суды бөлгізуді өтінді. Ауыл тұрғыны, 3 топ мүгедегі Ж.Кожанов 5 жылдан бері баласын жер телімін алуға кезекке қойғанына байланысты жер телімін алу, жеке кәсіпкер Б.Қойшанов малына субсидия алу туралы мәселелерді қозғады. Ал, мал дәрігерлік саласынан зейнетке шыққан М.Райсов республика бойынша «Мал дәрігері - ветеринарларға» кәсіби мерекесі күнін атауды ұсынды. Сондай-ақ, «Салтанат» балабақшасының меңгерушісі Ф.Тажибаева мемлекеттік бала-бақшалардың қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесін айтты. Кездесуде көтерілген мәселелерге байланысты аудан әкімдігі ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Н.Ақжолов, ауылдық окруктің әкімі Ғ.Абаханов аталған мәселелер бойынша жасалып жатқан жұмыстарға тоқталып, қосымша түсініктер берді.

    Сонымен қатар депутат Г.Нұрымова Бурыл ауылдық округінің әкімі Е.Аширбековтың 2021 жылға атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында есеп беруіне қатысты. Жиында сөз алған ауыл тұрғыны Ж.Балжан «Байзақ Датқа» иінінде электр желісінің қуаттылығы өте аз екенін айтып, көше жарығымен қамтамасыз етуді және жарықтың қуаттылығын арттыруды ұсынды. Тулаганов А.ауылға асфальт төсеу мәселесін көтерсе, зейнеткер Құрмаш апамыз күйеуінің екінші топтағы мүгедек екенін айтып, әлеуметтік жағдайына көмек сұрады. Жиын соңында туындаған мәселелер мен ұсыныстар бойынша арнайы ауыл тұрғындарымен қоғамдық қабылдау өткіздім. Ең басты мәселенің бірі ауыл тұрғыны Айтуов Ж. айтуынша Байзақ датқа көшесінің бойынан берілген жер учаскелерін бірнеше жыл бұрын сатып алғанын және ол жерлер қазіргі таңда жеке меншіктегі кәсіпкердің атында тұрғанын айтып арызданды. Аталған мәселе бойынша арнайы заңдылықтарын қарай отырып, ауыл тұрғынының айтқан барлық шағымы дұрыс болған жағдайда ҚР бас Прокуратурасына депутаттық хат жолдайтын болады. Сондай-ақ, ауыл тұрғыны Бақтыбаева Г. өтініші бойынша өздері тұратын Нұр иіні көшесіндегі мәселелерді барып көрді. Аталған көшенің жолын жөндеу керектігін, табиғи газды әр үйге кіргізу үшін төленетін қаржының көп және оған көп балалы аналар мен жағдайы төмен отбасылардың қалталары көтермейтінін атап өтті.
    Бұл сұрақ бойынша ауыл әкімі әр үйге кіретін газ бағасының төмендегенін және көшенің жолын жөндеу үшін алдағы уақытта арнайы жұмыстарын жүргізетіндігін жеткізді.