Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

      24 ақпандағы депутат Г.Нұрымованың келесі кездесулері жастармен және медицина қызметкерлерімен өтті. Келешек кепілі - жастар десек, ел тізгінін ұстайтын сапалы білім мен саналы тәрбиеден шыққан жастардың қоғам үшінде, өзі үшін де алатын орны өте зор. Осы мақсатта келесі кездесу аудандағы өзін өзі жұмыспен қамтыған, NEET санатындағы жастар және студенттермен өтті. Ашық алаңда өткізілген сұхбат барысында жастардың жас мөлшерін 35 жасқа дейін ұзарту, «Бастау» бойынша грант алған жастардың бір жылдан кейін қайтадан жұмыссыз жастар қатарына қосылуы. Несиелендіруге қатысты көптеген сұрақтар мен ұсыныстар болды. Қатысушылардан тұрғын үй сатып алу кезінде жас мамандар мен жас отбасыларға кредит беру шарттарын қайта қарау және өзгерту, сондай-ақ NEET жастарын оңалтудың арнайы орындарын ашу туралы ұсыныстар айтылды. Депутат айтылған ұсыныстар мен өтініштердің жауабын тауып, мәселелерді шешу үшін арнайы жұмыстарды жүргізетінін жеткізді.
    Сонымен қатар аудандық аурухана және емхана қызметкерлерімен кездесу өткізді. Аталмыш аурухананың бас дәрігері Р.Сапарбеков бастаған дәрігерлер ұжымы денсаулық сақтау саласында жүйелі болып табылатын проблемаларды, атап айтқанда, білікті кадрлардың жетіспеушілігі, жедел жәрдем көліктерінің тапшылығы, медицина қызметкерлерінің еңбегін ынталандыру мүмкіндігі мен мәртебесі, Денсаулық сақтау жүйесіндегі цифрландыру және медициналық қызмет көрсету жағдайларын жақсарту мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, үстіміздегі жылы Сарыкемер ауылына Тараз қаласынан кіре берісіне жалпы құны 5 млрд. 100 млн. теңгені құрайтын заманауи үлгідегі жаңа емхана құрылысы басталатыны айтылды. Нұрымова Г.А. өз сөзінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі ретінде Мәжілістегі осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар мен шешімін тауып жатқан мәселелер, цифрландыру тақырыбы бойынша ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар бойынша тоқталып өтті.