Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

     25 ақпанда депутат Г.Нұрымова Г.Нұрымова облыстық ЖИТС (СПИД) алдын алу және онымен күрес орталығында болды. Орталықтың дәрігерлермен кездесіп, жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныс болдым. Кездесу барысында денсаулық сақтау өкілдерінің басты ұсынысарын тыңдап бірқатар сұрақтарына жауаптар берілді. Әсіресе ЖИТС аурын анықтайтын диагностикалық орталық облыстық ЖИТС орталығында ғана болғандықтан сол мәселені жеке клиникаларда халықтың денсаулығы үшін қажетті құжаттар тізіміне қосу керектігін ұсынды. Бұл мәселе бойынша Парламент депутаттары арасында келіссөздер жүргізілген болатын. Менде өз әріптестерімнің ұсыныстарын қолдай отырып, алдағы уақытта тиісті мәселелерді шешу үшін жұмыстар жүргізетінімді ескерттім.
    Сондай-ақ келесі кездесу Парламент Мәжілісінің депутаты Н.Разақбайқызымен бірге облыстық сот өкілдерімен болды. Қылмыс деңгейі мен заңсыз әрекеттер қазіргі қоғамның басты мәселесі десек, облыстық Сот төрағасы Е.Ахметжанов жаңа ғимаратта жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша таныстырып өтті. Жиын барысында арнайы сұрақтар қойылып тиісті жауаптар берілді.