Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    25 ақпан күні депутат Г.Нұрымова Тараздағы өқу мекемелерінде болды. №24 гимназиясының жұмысымен танысып, ұжым мүшелерімен кездесті. Мектеп жұмысы жоғары деңгейге қойылған. Мектеп ұжымы тарапынан білім беру саласын дамытуға байланысты айтылған ұсыныстарды заң аясында қарастырылатындығын және ұсыныстарды іске асыру бойынша білім саласына жауапты министрлік өкілдерімен бірге жұмыстар жүргізетіндігін жеткізді.
    Сонымен қатар қаладағы «Интеллектум» оқу орталығының жұмысымен танысты. Оқу орталықтың директоры А.Сахыбаева жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқтала өтіп, бірқатар ұсыныстарын айтты. Атап айтсақ, Интеллектум сыныбын қаладағы мектептерде ашу; Интеллектум ойындары арқылы оқушыларға психологиялық диагностика жасау, қаламыздағы логопед, дефектолог, психологтарды ойын терапиясына және интеллектум ойындарына үйрету, заманауи ойындар арқылы ата-аналарға, оқытушыларға,тәрбиешілерге арналған семинар-тренингтер ұйымдастыра отырып, балалардың өзіндік бағалауын арттыру, есте сақтау қабілетін жақсарту, жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алуы екенін түсіндірді. Айтылған мәселелер мен ұсыныстар бойынша депутаттық хат жолдап, жауапты министрлікке де жеткізетін болады.