Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    Наурыз мейрамында депутат Г.А. Нұрымова Жамбыл облысына барып, сайлаушылармен бірқатар кездесулер өткізіп, партияның қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады. Кездесулер арасында Талас ауданының ардагерлерімен кездесу болды. Ақсақалдармен әңгімелесу барысында ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Жолдауы, аудан тұрғындарын толғандыратын мәселелер талқыланды. Аудан халқы Қапшағай қаласының атауын Қонаев қаласы деп атауды ерекше қолдайды, қоғамда болып жатқан барлық өзгерістер үшін Президентке өте риза. Кездесуден кейін сайлаушылармен бірге мұражайға барып, Қаратауға жақын орналасқан Тамды қалашығының бірегей экспонаттарымен танысты.

    Одан басқа, депутат Neet санатындағы және жұмыс істейтін жастар тобымен кездесті. Кездесу барысында жастар жұмыссыздығы, тұрғын үй мәселелері және аудандық Жастар ресурстық орталығы қызметкерлерінің мәселелері көтерілді. Өз сөзінде депутат Президент Жолдауында айтылған біздің қоғамды күтіп отырған өзгерістер мен өзгерістерге тоқталды.