Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    Еліміздің кейбір аймақтарындағы су тасқынына байланысты күрделі жағдайды ескере отырып, 2 сәуірде Жамбыл облысында депутат Г. А. Нұрымова Талас су торабында болып, Қазсушар қызметкерлерімен кездесті. Облыс аумағында ауа-райы жағдайына жүргізілген көп жылғы мониторинг деректеріне сәйкес қалалары мен елді мекендерінде қар жамылғысы сыни деңгейден аспайды. Қазіргі уақытта Жамбыл облысының өзендерінде су деңгейі тұрақты, су тасқыны қаупі байқалмайды. 2022 жылдың 1 наурызындағы алдын ала гидрологиялық болжамына сәйкес: 2021 жылғы 1 қазаннан бастап 2022 жылғы 1 наурызға дейінгі ылғал жиналу кезеңіндегі жауын шашынның жиналу қоры Жамбыл облысының тауларында орташа көп жылдық мәндерден 22-39%-ға төмен; тау өзендерінің бассейндеріндегі қардың жиналу қоры орташа көп жылдық мәннен 37-42% төмен; Казіргі таңда облыс аумағында қар жамылғысы 2-28 пайыз құрайды. Облыста су тасқыны кезеңін апатсыз режимде өткізу мақсатында, іс-шаралар жоспарына сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылуда. Көктемгі уақытта нөсер жауын-шашынның түсуінен және басқа да жағдайларды ескере отырып, су тасқыны қаупінің алдын алу мақсатында 2021 жылдың қазан айынан бастап осы уақытқа дейін облыс аумағындағы каналдар, дренажды каналдар, арық желілері және су өткізу құрылыстары (көпірлер және т.б.) тазартылып, бұл жұмыстар әрі-қарай жалғасын табуда. Жалпы су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу мәселесі тұрақты бақылауда. Өз тарапынан депутат бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстап, барлық маусым бойы өзінің депутаттық мониторингін жүргізетін болады.