Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    12 мамырда депутат Г.Нұрымова Жамбыл облысы, Талас ауданы тұрғындарымен кездесіп, алдағы референдумның мақсаты мен маңызын түсіндіру бойынша кездесу өткізді. Талас ауданына жұмыс сапарын ең әуелі Талас аудандық орталық емхана ұжымымен кездесуден бастады. Ақ халатты абзал жандар жиналған мәжіліс залында ағымдағы жылдың 05 маусымына жоспарланған ҚР Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы референдумның маңыздығы туралы сөз қозғалды. Емхана ұжымына Ата Заңның баптарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы толық ақпарат бере отырып, алдағы маусым айында жоспарланған референдумға қатысуға шақырды.
Кездесу барысында Талас аудандық емханасының меңгерушісі Гүлнар Каленова учаскелік дәрігерлер мен медбикелер жұмысының ауқымдылығы, медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру, мемлекет тарапынан тегін берілетін дәрілердің сапасының төмендігі және бөлінген дәрі-дәрмек қорын игеру мәселесі туралы шағымын жеткізді.

    Келесі жұмыс сапары Қаратау құрылыс техникалық колледж ұжымы және колледж білімгерлерімен кездесумен жалғасты. Оқу орнының мәжіліс залында өткен кездесуде мекеме қызметкерлері бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда, колледждің шаруа жөніндегі меңгерушісі Бек Ажатаев оқу орнының типтік үлгіде еместігін және ғимарат күрделі жөндеуді қажет ететіндігін жеткізсе, мекеме директорының орынбасары Сауле Анарбекова кіші қызметкерлер жалақысының төмендігі туралы атап өтті. Сонымен қатар, колледж оқытушысы Гүлмира Жұмағалиева әйелдер қауымының зейнетке шығатын жас мерзімін 58 жасқа төмендету туралы пікірін білдірді.

     Одан кейін Талас ауданындағы Қасқабұлақ ауылы тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ауыл тұрғындарына ел Президенті бастамасымен конституциялық өзгерістерді республикалық референдумға шығару ұсынылғанын, яғни оларды қабылдау тікелей жалпыхалықтық дауыс беру арқылы жүзеге асырылатынын жеткізді. Ата заңымызға түзетулер елдің болашағына айтарлықтай әсер ететіндігін және Конституциялық реформа жалпыұлттық сипатқа ие, ол жаңа мемлекеттік модельді қалайтындығын түсіндірді. Алдағы уақытта азаматтардың мәселелері мен ұсыныстарына қатысты депутаттық сауалдар дайындап, шешу жолдарын қарастыратын боламын.