Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    Сондай-ақ 13 мамырда Қордай ауданында болған сапарда депутат Г.Нұрымова және әріптестері - депутаттар И.Ю. Буларов және Н.Р. Раззак Ахуатты ауылының тұрғындарымен және полиция қызметкерлерімен кездесті. Олар референдум туралы, еліміздің Конституциясына ұсынылып отырған өзгерістер туралы, саяси реформалар туралы, ел Президентінің Жаңа Қазақстан және басқа да демократиялық реформалары туралы түсініктемелер берді. Ауыл тұрғындары мектепті жөндеу, абаттандыру мәселелерін көтерсе, ауыл ардагерлер кеңесінің төрағасы Президент иммунитетін алу, бұрынғы басшылықтың елден заңсыз шығарған ақшасын қайтару мәселесін көтерді.