Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    Бүгін депутат Г.Нүрымова Шу ауданында №40 мектеп-лицейінде болды. Ұстаздармен алдағы референдумның маңыздылығына қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мектеп директоры Г.Қ. Тұрлыбек алдағы референдумда Ата заңға ұсынылып жатқан өзгерістерді азаматтар зор істипатпен қабылдайтындығын атап айтты. Сонымен қатар, ұстаздарға әйелдердің зейнетке шығу жасын қысқарту бағытында жасалынып жатқан, мектеп директорлары арасында ротация жасау мәселелеріне қатысты мәселелерді түсіндіріп өтті.

    Аудан әкімі С. Арубаев жергілікті жерде 1000 ға жуық адам атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж екендігін айтты. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында пилоттық жобаның үлесі зор екендігін, 2% жеңілдікпен берілетін несиенің пайдасы үлкен екендігін айтты. Сонымен қоса, ақылы қоғамдық жұмысқа өткен жылы 1200 адамға 80 мыңға дейін айлықақы тағайындалса, осы жылы тек 250 ғана адамға 65 мың теңге айлықақы төленбекші. Аудан әкімі аталған мәселеге назар аударуымызды сұрады.

    Шу аудандық мәслихатының хатшысы Ж.Ә. Абенов:
1. «Дипломмен ауылға» жобасының тек ауылдық жерлерде, ал моноқалаларға (Шу мысалында) осы жоба жүзеге аспайтындығын айтты. Осы жерде менің бірінші депутаттық сауалым аталған мәселеге қатысты болғанын атап өткім келеді.
2. Аудандық Білім бөлімдерінің аудандық әкімшілікке емес, облыстық Білім басқармаларына бағыныстылығы үлкен өзекті мәселе болып отырғандығын айтты. Осы тұста аталған мәселе Президенттің мемлекеттік қызметті дебюрократизациялауға қатысты тапсырмасына кереғар екендігін атап өткім келеді.

    Ниелбаев Сымбат - ауданда көз дәрігері, ЛОР, невропатологтардың тапшылығын, флюорография аппаратына кезектің көп екендігін айтты.