Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    Депутат Г.Нұрымованың кездесулері жалғасты. Шу аудандық ауруханасының қызметкерлеріне алдағы референдумға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиналыста Бас дәрігердің орынбасары Н.Т. Қарсыбекова медицина саласына қатысты келесі өзекті мәселелерді көтерді:

1. МӘМС «Линейная шкала» бойынша атқарылған медициналық қызметтерге көрсетілген шектен асқан жағдайда қаражатты қайтармайды.
2. Шу ауданында 25% жуық тұрсын медициналық сақтандырылмаған. Ол адамдар тиімінше тегін медициналық қызмет ала алмайды. Осы азаматтардың жағдайы қалай болмақ?
3. Анонимдік арыздарға жауап беру негізсіз.
4. Медициналық қызметкерлердің статусын көтеру қажет. Аталған қызметкерлерге негізсіз айып тағудан қорғалуы керек.

    Бас дәрігер Ж.А. Айтишев мектептердегі медициналық кабинеттердің жабдықталуы қаражат мәселесіне келіп тірелетіндігін атап өтті. Бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары М.Ш. Искандерова келесі мәселелерді көтерді:

1. Тұрғындардың деусаулыққа қатысты сауаттылығын арттыру қажеттілігін айтты. Скринингке ерікті келмеген жағдайда жауапкершілік болуы қажеттігін ұсынды.
2. Әйел адамдардың зейнетке шығу жасын азайтуды сұрады.

    Облыстық мәслихат депутаты Н. Әбетов сақтандырылмаған азаматтардың жұмыссыз болғандығынан туындап отырғандығын атап айтты. Көтерлген мәселелерге қатысты алдағы уақытта депутаттық сауалдар жолдайтын болады.

    Соңында №10 Шу колледжі ұжымымен кездесіп әріптестерімімізбен бірге референдумға қатысты түсіндірме жұмысын жүргізілді. Колледж директоры Т.Т. Тоқтарбайқызы колледждердегі оқытушылардың айлықақысының төмендігіне қатысты мәселені көтерді. Алдағы уақытта аталған мәселе бойынша тиісті министрлікке хат жолданатын болады.