Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    Бүгін депутат Г.Нұрымова Жамбыл ауданы Ішкі істер бөлімі қызметкерлеріне әріптесі Н. Раззакпен алдағы жалпыхалықтық референдум бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізді. Жиынға 30-ға жуық қызметкер қатысты. Осыдан кейін, Техникалық шығармашылық және кәсіби білім беру орталығында ауданның жас мамандарымен, қоғам белсенділерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Ж.Ж. Тоқсаба атты азамат Жастар орталығы жұмысын заң нормасының жоқ екендігін, «Дипломмен ауылға» бағдарламасына Жамбыл ауданы жастарының қол жеткізу мүмкіншілігі аз екендігін айтты.

    Аудан зиялысы, 80 жастан асқан ардагер, тарихшы-құқықтанушы Сапарбеков Алтынхан аға жастарға білімге ұмтылуға шақырып, ақ батасын берді. Журналист Қалыбекұлы Ильяс сайлау жүйесін электронды форматқа көшіру туралы ұсыныс айтты.

    Кейін Айша бибі ауылы ақсақалдарымен, ауыл тұрғындарымен кездесіп референдумның басымдықтары жайлы, Ата заңымызға енгізілейін деп жатқан өзгерістер туралы мәлімет берді.