Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    Бүгін, 18 мамырда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Г.А. Нұрымова мен н.Р. Раззак Сортөбе ауылының №16 ОМ мұғалімдерімен кездесті. Кездесуде депутаттар референдумның мақсаты саяси, құқықтық жүйені жетілдіру, конституциялық реформа екенін атап өтті. Бұл өзгерістер реформалар үшін құқықтық негіз болады. Конституциялық реформа - ел дамуының жаңа кезеңінің басы. Президенттің референдум өткізу туралы ұсынысы қоғам мен тұтастай ел дамуындағы түрлі кемшіліктердің алдын алуға мүмкіндік береді. Өзгерістерді қолдау және референдумда дауыс беру - бұл бәріне жүктелген жауапкершілік. Ел азаматтары Конституцияда жазылған әрбір сөз маңызды рөл атқаратынын түсінуі тиіс. Қазірден елдегі орын алып жатқан өзгерістерді дұрыс саралап, ой түйіп, немқұрайлылық танытпау қажет және өте маңызды.