Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    Бүгін депутат Г.А. Нұрымова Меркі ауданында алдағы референдум бойынша тұрғындармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Меркі аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы ұжымымен кездесіп, мекеменің жұмысымен танысты. Аталған мекеме қызметкерлері Ата заңымызға енгізілетін өзгерістерді қолдайтындығын айтты. Әйел азаматтардың зейнетке шығу жасын азайту бойынша ұсыныстар түсті.

    Т. Рысқұлов ауылы тұрғындарымен жолығып алдағы референдумға белсене қатысуға шақырды. Сонымен қатар, ауыл маңында соғылып жатқан көпір құрылысымен таныстық. Ауыл тұрғындары тас жол құрылысына келісім-шарт 2019 жылы жасалса да, ауыл маңындағы бірнеше шақырым ғана жол құрылысы әлі аяқталмағанына наразы. Тұрғындар күн сайын шаң-топалаң ауаны жұтып жатқанын айтуда.

    Тәтті ауылында құрылысы жүріп жатқан жанұялық дәрігерлік амбулаториямен таныстық. Құрылыс жұмысын маусым айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Алайда, құрылыс уақытында аяқталатынына үлкен күман бар. Құрылыс құны 169 млн. теңгені құрайды.

     Ақжол ауылының Мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесті.  Ақсақалдар төрағасы Асылбаев С. аға ауыл мектебінің ескі екендігін айтты.  Жаңа мектеп құрылысын бастауға ЖСҚ жасалған, алайда мектеп құрылысы басталмағандығын айтты. Мектептің іргесі саман кірпішінен қаланған. Ғимарат ескі. Спортзалы, асханасы да жоқ.  Асылбаев Б. жарықтандыру және жол мәселесін көтерді. Балалар кешке қараңғы көшелермен үйге қайтады. Ол өте қауіпті. Сонымен қатар, ауыл ақсақалдары референдумда Конституцияға нақты қандай өзгерістер енгізілетіндігін сұрады. Г.Нұрымова ақсақалдарға негізгі өзгерістер бойынша түсіндірме беріп, әр бапқа нақты қандай өзгерістер енгізілетіндігін түсіндіріп берді.

    Аталған азаматтардың көтерген мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік органдарға хаттар, депутаттық сауалдар жолдайтын болады.