Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

  27 мамыр. Г.А.Нұрымова Жуалы аудандық орталық аурухасының қызметкерлері -  әріптестеріне  референдумда Ата заңымызға енгізілетін өзгерістерге түсіндірме беріп өттім. Сонымен қатар, медицина саласында көтеріп жүрген - медициналық кадр жетіспеушілігі, цифровизацияға қатысты және медициналық сақтандырылмаған азаматтарға, әр салалы емханаларды біріктіруге, дәрігерлердің санаттарына қатысты ақының төленбеуіне қатысты өзекті мәселерге тоқталып өтті. Ол мәселелер бойынша депутаттық сауалдар жолданған болатын. Бас дәрігердің орынбасары Н. А. Ергебеков медицина қызметкерлері статусын көтеру мақсатында арнайы нормативтік құқықтық акті болуы қажет екендігін айтты.
М. Каналбаева ҚР бойынша тек Асфендияров университетінде педиатрия факультеті бар екендігін атап, аталған факультетті бас оқу орындарында ашуды ұсынды.

    Мәдениет үйінде қоғамдық кеңес, партия мүшелері және аудан тұрғындарына референдумның негізгі басым бағыттары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.