Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

Бүгін депутат Г.Нұрымова Байзақ ауданында шаруа қожалық ұжымымен кездесіп, алдағы референдумның маңыздылығы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Азаматтар референдумге толық қатысатындығын айтты. Байзақ аудандық электр жүйесін тарату мекемесі қызметкерлерімен кездесті. Ұжым референдум бойынша толық хабардар. «Әдемі» ұлттық киім тігу цехының еңбек ұжымымен кездестім. Ұжым мүшелері өте белсенді. Жастардың жас мөлшері 29 жастан 35 жасқа дейін өзгертіліп жатқанына қызметкерлер қуанды. А. Сатқанбаева, К. Жолымбетова жас кәсіпкерлерге берілетін гранттар мен несиелерге қатысты сұрақтар қойды. Аталған азаматшаларға толық ақпарат берілді. Аудандық партия басшылығы мәселені өз бақылауына алатындығын айтты.  Байзақ аудандық орталық аурухана қызметкерлерімен кездесті. Ақ халатты әріптестерім алдағы саяси науқан бойынша толық хабардар. Түсіндіру жұмыстары барысында Т. Уалиев атты азамат мемлекет тарапынан тегін берілетін дәрі-дәрмектерге қатысты мәселе көтерді. Сонымен қатар, тексерілуге уақыттың көп кететіндігі үшін ақылы медицинаға жүгінгендігін айтты. Аудандық бас дәрігер аталған емделушінің мәселелерін жеке бақылауына алды.