Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    Бүгін депутат Г.А. Нұрымова Сарысу аудында болып, тұрғындармен кездесіп, алдағы референдумға қатысты үгіт-насихат жұмысын жүргізіп қайтты. Ұйым ауылы тұрғындарына Конституцияға қандай өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылып жатқанын түсіндірді.Кезесу барысында Сагындыкова Ұ. ұлына мемлекет тарапынан берілген тегін жер теліміне басқа тұлға заңсыз иеленіп алғандығын айтты. Аталған мәселе бойынша ауыл әкімі түсіндірме берді. Құқық қорғау органына жүгінуді ұсындым.

    Саудакент «Мәдениет үйінде» ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. «Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» КММ директоры Мусабеков Ш. аталған сала қызметкерлері айлықақысын көтеру мәселесін көтерді. Аяпберген Ж. баласының денсаулығына қатысты көмек сұрады. Аудандық партияның атқарушы хатшысы Есмұрзаев Мұратбек жеке бақылауына алды.

     Кейін депутат Түгіскен орта мектебі ұжымымен кездесті. Ұстаздар референдумге ұжым болып қатысатындығын білдірді. Бірішова Ұ. азық-түлік бағасының қымбат екендігін айтты.

    Соңында Тоғызкент ауылы тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар әйел азаматтарының зейнетке шығу жасын қысқарту туралы өтініш білдіруде. Ақашева Г. 5 жасқа дейінгі баласы бар аналарға жұмыс орны сақталып, 3 жасқа дейін жәрдемақы төленсе деген ұсыныс білдірді. Сонымен бірге, кіші кәсіпорындар ашылып, жұмыс орындары ашылса деген тілек білдірді. Бексеитова Камшат мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз грант құнын көбейтуді сұрады.

    Алдағы уақытта тұрғындар көтерген мәселелерге қатысты тиісті органдарға хаттар, депутаттық сауалдар жолданатын болады.