Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    1 маусымда депутат Г.А.Нұрымованың жұмыс сапары Тараз қаласындағы «Мейірім» мамандандырылған мектеп-интернатының ұжымымен кездесуден басталды. Кездесу барысында ұстаздарға алда келе жатқан еліміз үшін маңызды сайлау туралы түсініктер беріліп, жаңа Қазақстан дамуы жолындағы жүйелі жоспарлар мен жұмыстарды айтты. Кездесу барысында еңбек пәнінің мұғалімі Д.Насыржанова «сайлаудың маңыздылығы мен оның халыққа деген үлесі қандай» екені туралы сұрақтарын қойды. Бұл бастама халық пен билік арасындағы әділ жол, бірлігіміз үшін бірігіп жасалып жатқан маңызы зор кезең екенін және келешек үшін өзгерістер мен тың дүниелердің жаңа бастамасы екенін айтып, толыққанды жауаптар берді.
    Келесі кездесуі Жамбыл жоғары политехникалық колледженің оқытушы құрамы мен студент жастарының қатысуымен жалғасты. Кездесуде Конституцияға ұсынылып жатқан ұсыныстар мен өзгеріп жатқан мәселелер бойынша түсіндірді. Алдағы сайлаудың басты мақсаты – мемлекетіміздің төлқұжаты іспеттес Конституциямызды айқындап, баянды болашақты құру болып табылады. Аталған бағыттар бойынша ұсыныстар мен сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
    Сонымен қатар депутат жақында ғана бой көтерген «Оқушылар сарайының» жай-күйімен танысты. 7257 оқушы тәрбиеленіп жатқан мектепте жасөспірімдердің білікті де білімді болып өсуі үшін барлық қажеттіліктер мен жағдайлар жасалған. Жұмыс барысында мектеп ұжымымен кездесіп, алдағы болатын сайлаудың маңыздылығына тоқталды. Мектеп ұжымы өзгерістер мен толықтырулардың жарқын бейнесі үшін өтейін деп жатқан сайлауға шынайы түрде қатысатындығын жеткізді.

    Сондай-ақ Тараз қаласындағы Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназияның оқытушы құрамымен кездесті. Кездесу барысында Конституция бойынша өзгерістер енетін баптарға тоқталып, әрбір өзгерістердің басты кепілі – ел үшін екендігін жан-жақты түсіндірді. Ондағы көзделген заң аясындағы мәселелер және ел үшін қаншалықты маңызы бар екендігін ескеріп, алдағы сайлауға дауыс беруге шақырды. Мектеп директоры Л.Қызылқұлова педагог мәртебесі туралы сөз алып, әлі де болса мұғалімдерге қосымша жүктелетін жұмыстардың бар екендігіне тоқталса, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінінің мұғалімі Н.Баймақашова мұғалімдердің біліктілік тесттен өту мәселесі бойынша кемі 25 жыл еңбек өтілі бар мұғалімдерге арнайы мемлекет тарапынан жеңілдіктер қарастыруды ұсынды.

    Сонымен қатар Г.Нұрымова  «Хамукат» елді мекенінің тұрғындарымен кездесті. Тұрғындарға өзекті мәселелер мен өзіміз үшін, еліміз үшін үміт еткен осы бір саяси өзгерістердің куәсі ретінде алдағы сайлауға қатысуға шақырып, жан-жақты түрде түсіндіріп өтті. Қаланың шет жағында орналасқан елді-мекеннің жай-күйі туралы тұрғындардың сұрақтары мен өтініштерін тыңдады. Атап айтсақ, алқап тұрғыны 71 жастағы О.Ускембаевтың алтын алқа иелеріне баспана беру, медициналық тексерістерден өту үшін көрсетілетін көмектің аздығы мен берілетін жолдамалардың жоқтығы, қазіргі қоғамдағы қымбатшылық жағдай мен мен осы елді мекенде орналасқан «Ел-дария» балабақшасын мемлеткеттік дотациялау бойынша ұсыныстарын айтып, №50 мектептің алдына арнайы асфльт төсеу жөніндегі өтініштерін жеткізді. Сонымен қатар көп балалы ана Г.Меркібекова дауыс беру бланкісінің орысша және қазақша нұсқаларын өз еріктерімен таңдау керектігін ұсынса, Н.Нысанбеков қазіргі жағдайдағы жұмыссыздық деңгейінің төмен екендігін айтып, Сеңкібай көшесіндегі темір жолға арнайы переезд қою керектігін ұсынды. Аталған ұсыныстар мен өтініштер бойынша тиісті басшылықтарға депуттаттық сауалдар жолдайтын болады.