Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    Бүгін Жамбыл ауданындағы жұмыс сапарымыз барысында Жасөркен орта мектебінің ұжымымен кездесті. Кездесу барысында ҚР Конституциясының өзектілігі мен маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргіздім. Алдағы болатын сайлауда еліміздің жарқын болашағы үшін келіп дауыс беруге шақырдым. Кездесу барысында бірқатар сұрақтар мен ұсыныстар айтылды. Ауылдың қоғамдық кеңесінің мүшесі Н. Берсугурованың тарапынан қазақ тілінің мәселесі және оның қазіргі қоғамдағы маңыздылығы туралы талап-тілектері тыңдалды. Көп балалы ана К.Сейітқасымова сайлаудың әділ түрде өтетіндігі мен еліміз үшін жасалып жатқан жағдайларды қолдайтындығына сенім білдіріп, ауыл әкімінің сайлауын әділ түрде өткізу туралы ойын айтты.
    Сонымен қатар, Қызылқайнар ауылының тұрғындарымен кездесіп, Конституцияда көзделген баптарға тоқталып кездесуге қатысты. Алдағы сайлаудағы басты мақсатымыз еліміз үшін ең маңызды сәт екені белгілі. Сол үшінде әрбір азаматқа түсіндіру біздің нақты бағытымыз болып отыр. Кездесуде қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, халықтың айтар ойлары тыңдалды. Ақсақалдар кеңесінің төрағасы К.Құрманқұлов ауылдың тұрмыс-тіршілігі туралы баяндап, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектер мен жүйелі жұмыстарға оң бағасын берді. Сондай-ақ алдағы болатын сайлауда ауыл тұрғындары қатысып дауыс беретіндігін айтты.
    Келесі кездесу “Тимофеев” шаруа қожалығында жалғасты. Кездесу барысында депутат шаруа қожалықтағы жұмысшы топқа ел игілігі жолында болатын сайлаудың бағыт-бағдарын түсіндіріп, Конституциядағы заң талаптарының өзгеретін баптарына тоқталды. Жұмысшы топтың талаптары тыңдалып ұсыныстары бойынша арнайы депутаттық сауалдар жүргізетіндігімді ескерттім. -“Тимофеев” шаруа қожалығының басшысы - А.Тимофеев қазіргі таңда бөлініп жатқан грант мәселесінің қиындығы, арнайы тыңайтқыштардың мезгілінен кеш келетінін және берілетін көмектерге банктер тарапын қиындық тудыратындардың бар екендігін жеткізді. Ал бригадир Х.Асқарова қазіргі таңда жұмысшылардың аз екендігін ескере отырып, бұл бағыттағы қызметке көп адамның келмейтінін айтып, қоғамдық жұмыстарға берілетін мүмкіндіктерді қарастыру керектігін алға тартты.
    Сонымен қатар Г.Нұрымова Қарой ауылындағы Әйтиев атындағы орта мектебінің ұжымымен кездесті. Мектеп мұғалімдеріне сайлау барысы туралы түсіндіріп, еліміз үшін ең маңызды жағдайда бірігіп белсенді түрде дауыс беруге шақырды. Аталған бағытта қозғалған мәселелер мен сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныстар тыңдалды.