Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    Бүгінгі депутат үгіт-насихат жұмыстарын Мойынқұм ауданы ауылдарында жүргізді.

 Хантау ауылы тұрғындарына референдумға қатысты түсініктеме жұмыстарын жүргізді.
- Хабибуллина Жанар Хантау ауылында бала-бақша қашан ашылатындығына қатысты сұрақ қойды. Сонымен қатар,
Қанат Бүркітбайқызы, ауыл кітапхана меңгерушісі 15-20 жыл бойы бала-бақша мәселесі көтеріліп келе жатқандығын айтты. Аталған мәселе бойынша аудандық «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы алдағы оқу жылына дейін ыңғайластырылған ғимараттың дайын болатындығын айтты.
- Избасарова Гульбайра қоғамдық жұмысшылардың келісім-шарты уақытының аяқталуына байланысты алдыңғы азаматтардың мерзімін созуға қатысты мәселе көтерді.

    Хантау ауылдық округі Қияқты ауылы мектеп педагогтерімен кездесті.

    Мирный ауылы тұрғындарымен кездесті.
- Косанова Светлана қазақ тілін үйрететін арнайы курстарды ұйымдастыруды сұрады.
- Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сіргебай Иманбеков ауыл тұрғындарының басым көпшілігі референдумды қолдайтындығын айтты.
- «Терешкова» атындағы орта мектептің директоры Маралбай Айдар халықтың Президент бастамаларын, конституциялық өзгерістерді қолдайтындығын білдірді.

    Ақбақай ауылы тұрғындарымен ауылдық мектепте кездесті.
- Балтаев Болат жұмыс табу қиын екендігін, мектепті 8 жылдыққа ауыстырмай, 11 жыл қалдыруды сұрады.
- Уалиева Мереке, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары 9 сыныпты 8 бала бітіріп, оның 2 колледжге түскен. Алайда, 6 баламен жоғарғы сыныптарды ашу мүмкін емес.
- Ауыл әкімі Садуов Жандос жол мәселесін көтерді. Сонымен қатар, қандастардың қауымдастығына жүгіну арқылы 5-10 отбасыны көшіріп әкелуді ұсынды.
- Жишенов Тұрғали ауыл жағдайының қиын екендігін айтып, алтын мен алмастың ордасы болған Ақбақай тұрғындарының жағдайы өте нашар екендігін айтып наразы болды.
- шахтерлар мен фабриканттардың зейнетке шығу жасын қысқартуды сұрады. Өйткені аталған мамандық иелердің жұмысы өте ауыр және денсаулыққа да зияны орасан.
- Айбек атты ауыл тұрғыны, «Алтын-алмас» АҚ қызметкері аталған компанияның жұмысшыларға, ауыл тұрғындарына деген қарым-қатынасын реттестіруді, жұмысшылардың айлықақысын көбейтуді сұрады. Сонымен бірге, мемлекет тарапынан берілетін гранттарды көбейтуді өтінді. Ауылдағы ғаламтор мәселесін шешуді, ғибадатхана немесе мешіт ашу бойынша құжаттарды даярлауға көмек сұрады.
- Балтабаева Гүлнұр, мектеп ұстазы, жоғары сыныпқа өткен оқушылардың ауылда оқуына мүмкіндік жасауды сұрады.
- «Көгершін» бала-бақшасының басшысы Райһан Әлімханқызы аталған мекемелерде жан басына шаққандағы көрсеткіш қызметкерлердің айлықақысына кері әсер ететіндігін айтты.

    Аталған тұрғындардың сұрақтары мен мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік органдарға хат жазып, оңтайлы шешім қабылдануына ықпал ететін болады.