Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    Бүгін депутат Г. А. Нұрымова Жамбыл облысындағы жұмыс барысында "AMANAT" сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында Өңірлік Жол картасына сәйкес жүргізіліп жатқан Тараз қаласы аумағындағы жол-жөндеу жұмыстарымен танысты. Ж. Аппасова көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарын "Вега" ЖШС жүргізуде. Жөндеу жұмыстарына 69 млн 801 мың теңге бөлінді, төсемнің ені-9 м. Одан кейін депутат көпірді жөндеу жұмыстарымен танысты. 28 маусымда басталған жөндеуді "Строймонтаж GROUP" ЖШС жүргізеді. Жөндеу жұмыстарына 45 адам тартылған, жұмыс үш ауысыммен жүріп жатыр. Мердігер компанияның басшылығы жұмыстарды келісімшартта көрсетілген мерзімнен бұрын аяқтап, оларды пайдалануға беруді жоспарлап отырғанын атап өтті. Депутат мердігерлерге жауапты қарым-қатынасы үшін алғыс айтып, жұмыс сапасына ерекше назар аударуға тілек білдірді.