Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    Әулиеата өңіріне сапары аясында бүгін депутат Г.А. Нұрымова Жуалы ауданына барды. Батыр Бәукең мен Шынның жүзі Шерағаң туған өлкедегі жұмысымды алдымен Нұрлыкент ауылындағы «Гамбург» шаруа қожалығының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысудан бастады. 1997 жылы құрылған серіктестік қазіргі таңда өңірдегі іргелі қожалықтардың бірі. Егін және мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықта бүгінгі бүгінгі күні 100-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 2700 гектар егістігінің 1253 га егістік алқабына жаңбырлатып суғару қондырғысы орнатылған. Сонымен қатар 1500-ден астам мүйізді қараның 600-і сауынды. Аудандағы инвестициялық жобалардың бірі- «Гамбург» ЖШС-гі 1200 бас мүйізді іріқара малына арналған сүт тауарлы фермасының құрылысын бастаған. Дегенмен Георг Кох басқаратын шаруашылық ол құрылыстың жұмысын тұралатын қойыпты. Бұл орайда, қожалық жетекшісі басталған тірліктің аяқталуына қаржының қолбайлау болып отырғанын жеткізді. Осы уақытқа дейін Георг Егорович бастаған істі соңына дейін жеткізу үшін несие де алмай тауы шағылған. Тағы бір айта кетерлігі, мемлекет тарапынан берілетін субсидияға да қол жеткізбеген.
Расында, біз экономиканы өрге сүйрейтін осындай шаруа қожалықтарға қолдауды күшейтуіміз керек. Өйткені, қожалық ауыл адамдарын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Ал құрылысы тұралап қалған жұмысқа қаржы қарастыру бойынша тиісті органдарға депутат  ұсыныс беретін болады. Сондай-ақ, осыған ұқсас мәселелер туындамас үшін депутат ретінде мәселе де көтереді. Бастысы, «Гамбург» шаруа қожалығының бастаған сүт тауарлы фермасының құрылысы өз назарында болады.