Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    Жуалы ауданында  депутаттың жұмысы Ақбастау ауылында жалғасты. Орайы келгенде айта кететіңіміз, бүгінгі күннің басты мәселесі басыбайлы баспана. Бұл мәселе қазіргі таңда қалаларды былай қойғанда ауылдық елді мекендерде де өзекті. Мен табан тіреген Ақбастау ауылында бұл мәселені шешуге тамаша мүмкіндік бар екеніне көз жеткіздім. Нақтырақ айтқанда, сондағы ауыл шаруашылығы колледжінің ескі қос ғимаратын аудан өз балансына алыпты. Екі бірдей нысанға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізсе 64 пәтерлі тұрғын үй дайын болады. Осыны ескерген аудан атқа мінерлері оны жөндеудің жобалық сметалық құжаттарын дайындап облысқа өткізіпті. Оның құны 692 миллион теңгені құрайды екен. Алдағы уақытта депутат Г.А. Нұрымова аймақ басшысы Нұржан Нұржігітовпен кездесуде бұл мәселені көтеретін болады. Егер күрделі жөндеу жұмыстарына тиісті қаржыны өңір тауып беретін болса, үй кезегінде 800 азаматы тұрған Жуалы ауданы 64 жанұяның қуанышына ортақтасатын еді.