Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    Жуалы ауданындағы іс-сапарды депутат Г.А. Нұрымова Қарасаз ауылында қорытындылады. Онда ауыл тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдап, тұшымды жауап беруге тырысты. Шарада ауыл тұрғындары біршама мәселелер көтерді. Әрі оның шешу жолдарын бірге талқылады. Жасыратыны жоқ, әлеуметтік көмек сұрағандар да болды. Сонымен қатар Қаңтар оқиғасында баласы қамалған әкенің, баласы ауырып жаны сыздаған ананың мұңын да тыңдады. Атап айтқанда, ауыл тұрғыны Құралбай Сағымбаевтың баласы қаңтар айындағы бассыздық оқиғаларына күдікті ретінде Тараз қаласындағы тергеу изоляторында қамақта жатыр екен. Жалғызбасты әке баласының жазықсыз екенін айтып, оны изолятордан шығарып алу жолдарын сұрады. Осы орайда, тілге тиек кететін жайт, мен осы мәселе бойынша өңірде құрылған комиссиямен бірлесіп жұмыс жасадым. Ол туралы бұған дейін де әлеуметтік желіде жаздымда. Дегенмен ауыл тұрғынының баласының жағдайын құзырлы органдар арқылы біліп, қылмысқа қатысы бар-жоқтығын анықтайтын болады. Сонымен қатар қабылдау барысында ауылдық Билер кеңесінің төрағасы С.Тоқбергенов жол мәселесін көтерді. Яғни, аталған ауылдағы 3 көшенің сапасы сын көтермейді екен. Сондай-ақ ауыл тұрғыны Е.Қойлыбаев Қарасыз ауылдық округіне қарасты Көктас, Қарасу ауылдарына ауыз су жүргізілсе деген тілегін жеткізді. Олардың көтерген мәселелері назарымды болады. Өңірдің жауапты мамандарына ұсыныс та беретінімді айта кеткен жөн. Бұдан өзге қарасаздықтар жайылым жерді кеңейту туралы да мәселенің өзектілігін ерекше атап өтті. Қуанарлығы, соңғы жылдары ауылда мал басы еселеп артқан. Бірақ оны жаятын жайылым тарылып кеткен. Иә, бұл мәселе өзекті. Мәжіліс тарапынан да жиі көтеріліп, тиісті шешімдер да қабылдануда. Шаруалардың иелігіндегі жерді қайтару бір күннің жұмысы емес екендігін ескерген жөн. Бұл мәселе де кезегімен шешімін табатын болады. Депутаттың байқауы бойынша, Қарасаз ауылының әлеуметтік жағдайы көңіл қуантады. Ондағы 800 отбасының тек 10 ғана жағдайы төмен отбасылардың қатарында екен. Дейтұрғанмен олардың жағдайлары жақсы болатынына сенімдімін. Оған себеп, ауылдың табиғаты ерінбегенге егінінен мол көл-көсір пайда тауып, баққан түлігінің басын көбейтуге зор мүмкіндік береді.