Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    Әлеуметтік саладағы ең маңызды бағыт – денсаулық сақтау қызметінің сапасы мен оның қолжетімділігін қамтамасыз ету. Ол үшін ең алдымен аудан, ауылдардағы базалық-техникалық жағдайды заман талабына сай жарақтандыруымыз қажет. Осы орайда, Жамбыл облысына сапары барысында депутат Г.Нұрымова Жамбыл ауданы, Қаракемер ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысымен танысты. Сондай-ақ амбулатория құрылысын жүргізіп жатқан «ҚазМұнайҚұрылыс» ЖШС өкілдері және жұмысшыларымен кездесіп, құрылыс жұмыстарындағы проблемалық мәселелерді талқыланды. Жалпы аталған ауылдағы дәрігерлік амбулатория «AMANAT» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы аясында бой көтеріп жатыр. Медициналық мекеменің құрылысы өткен жылдың 19 қазанында басталса, осы айдың 30-да құрылыс жұмыстары толығымен аяқталмақ. Жуық арада пайдалануға берілетін дәрігерлік амбулаторияда күндізгі және процедуралық бөлімдер жұмыс жасайтын болады. 1600-ден астам халқы ауыл халқына 1 дәрігер мен 4 орта білімі бар маман қызмет етсе, қосымша 0,5 бірлікпен дәрігер алу да жоспарланып қойыпты. Ал аудан әкімдігі дәрігерлік амбулаторияның ескі ғимаратын тұрғын үй ретінде қайта пайдалануға беруді ойластырып қойыпты. Яғни, болашақта ауылға медицина саласы бойынша келетін маман тұрғын үйден ешқандай таршылық көрмейтін болады. Бұл әрине, қуанарлық жағдай. Ертең Меркі ауданында болады.