Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    Депутат Г.Нұрымова Жамбыл ауданына сапар барысында тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қоғамдық қабылдауға келген аудан халқы түрлі мәселелер көтерді. Тиісінше, олардың көтерген мәселелеріне жауап беріп, шешу жолдарын қарастырды.

    Мәселен, Рахат ауылының тұрғыны Ж.Ботағараева елді мекенге газ тарту мәселесін көтере келіпті. Яғни, аталған ауыл халқы қазіргі таңда қатты отынды пайдаланады екен. Жалпы, Жамбыл ауданында 42 елді мекен бар болса, оның 29-ы газдандырылған. Сол секілді ауыл халқын көгілдір отынмен қамтамасыз ету биылғы жылы да жалғасын табуда. Яғни, 2022 жылы құрылыс жұмыстарын жалғастыруға республикалық бюджеттен 669 миллион теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан Рахат ауылына ағымдағы жылдың қазан айына дейін газ кіруі керек.
    Келесі кезекте Аса ауылының тұрғыны С.Тәңірбергенов 2011 жылдан бастап жеке тұрғын үй соғу үшін кезекте тұратынын айтып, жер телімін алғысы келетінін жеткізді. Сондай-ақ ол Аса ауылының басында жаңа тұрғын үй алқабы беруге дайындалып жатқанын айтып, қашан берілетінін сұрады. Осы орайда, айта кететін дүние – бүгінгі күні жер телімдері инфрақұрылым толықтай жүргізіліп болған соң ғана беріледі. Егер олай болмаған жағдайда проблемалардың көптеп туындайтыны сіз бен бізге белгілі. Ал тұрғын айтқан аумақта 811 жер телімін тарату мақсатында өткен жылы жаңа тұрғын алқаптарын сумен, газбен жабдықтау жұмыстары жүргізілген. Дегенмен бұл инженерлік инфрақұрылым толық жүргізілді деген сөз емес. Әлі алда жол және электр желілерін жүргізу жұмыстарын аяқтау мәселесі тұр. Бұл жұмыстар келер жылы толығымен аяқталады. Сондықтан тұрғындар 2023 жылдан бастап жер телімдеріне қол жеткізетін болады. Қаражат казір табылса күзде жер телімдері бөлінеді.
    Сонымен қатар Елжас Оңғарбай Қаракемер ауылына ауыз су жүргізілуіне ықпал етуді сұрай келіпті. Ондағы бұл жағдайдан хабардармын әрі ауыз су құбыры ескі екенін де білемін.
Осыны ескерген аудан басшылығы аталған ауылға ауыз су тарту үшін қаржы қарастырып қойған. Әрі мердігер компанияда анықталған. Дегенмен тендердің құжат мәселесіне байланысты жұмыс басталмай тұр. Тұрғынға осы жұмыстар реттелсе, көптен күткен ауыз су тарту ісі басталатынын жеткіздім.
    Сол секілді Жамбыл ауылының тұрыны Естай Әлиев елді мекен жолдары ескіріп, қиындық тудырып жатқанын жеткізіп, мәселені шешіп беруіңізді сұрады. Қолдағы мәліметтерге сүйенсек, аталған ауылдағы Ақтөбе және Жамбыл көшелері осы жылы орта жөндеуден өткізіледі екен. Ол үшін мердігер де анықталып қойған.
    Тұрғындардың көтерген мәселелері депутаттың назарында болатынын айта кеткен жөн. Көтерілген мәселе құр сөз жүзінде қалып кетпейтінін ескерген дұрыс.