Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    Облыс орталығына жақын жатқан Жамбыл ауданындағы жұмыс сапары барысында депутат жаңа тұрғын үй алқабының бүгінгі жай-күйімен де танысты. Ауданда жер кезегінде тұрғандар жетерлік-1500 адам. Ал жергілікті атқарушы орган халықты көп күттірмей тиісті жер телімін беруге міндетті. Сондай-ақ тұрғындар да инженерлік инфрақұрылым толық бітпей тиісті жер телімдері берілмейтінін білуі қажет. Г.Нұрымова барған Аса ауылы маңындағы тұрғын үй алқабында бірқатар жұмыстар атқарылған. Нақтырақ айтқанда, 2021 жылы сумен, газбен жабдықтау жұмыстары жүргізіліпті. Сондай-ақ электр жарығын жүргізу де басталған. Ол да аяқтауды қажет етеді. Инженерлік инфрақұрылым толық жүргізілгеннен кейін кезектілікті сақтай отырып, жер телімдері берілетін болады. Айта кетерлігі, керек 372 млн тг табылмаса казір, мұндағы бірқатар жұмыстар 2023 жылға өтпелі. Бастысы, ондағы жұмыстардың уақытынан бұрын сапалы орындалуы. Байқағаны, келер жылы Аса ауылы маңынан 811 жер телімі халыққа тарату жоспарда. Демек, кезекте тұрған халықтың қуанатын күні алыс емес.