Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    Бүгін депутат Г.А. Нұрымова Меркі ауданына барды. Аудандық «AMANAT» партиясы филиалында азаматтармен кездесу өткізді.

- Шарипов Ерлан атты азамат туған бауырлары арасындағы мүліктік қатынасқа, жерге қатысты туындаған мәселелерімен жүгінді. Аталған азаматқа заң шеңберінде мүмкіндігінше көмек бердік. Мәселелерін шешу мақсатында жергілікті билік өкілдеріне азаматтың өтінішін бақылауға алуын тапсырдым.
- Тлеумұратова Шахида Сарымолдаев ауылындағы асфальт жолдардың жағдайын айтып жолдарды жөндеуге баса назар бөлуді сұрады.
- Шадикова Нұржамал 19 жасар ұлына қандай мемлекеттік бағдарламаларға қатысу арқылы үй алуға болатынын сұрады. Сонымен қатар, кәсіпкер ретінде гранттар, нәсиелер алуға қатысты сұрақтарын айтты. Аталған азаматшаға баспанаға қатысты «Әулиеата жастары», «Шаңырақ» бағдарламаларына туралы ақпарат берілді. Кәсіпкерлікке қатысты сұрақтарына аудандық жұмыспен қамту орталығына басшылығымен хабарласып түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, толық ақпарат беруді тапсырдық.

    Меркі ауданы Сарымолдаев ауылындағы 21 га-лық тұрғын алқабына бардық. Аталған алқаптан 109 азаматқа 10 соттық жерден берілген. Қазіргі уақытта 12 азамат аталған жерге тұрғын үй құрылысын бастаған. Сұрат ауылында 30 га астам тұрғын алқабы дайындалуда. Су жүргізілмеген. Жыл соңына дейін 178 тұрғынға жер телімін беріледі деп жоспарлануда. Жалпы Меркі ауданында 5232 азамат жер кезегінде тұр. Аталған жыл көлемінде 770 жуық азамат жер алуы керек.