Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    Депутат Г.Нұрымованың Жамбыл облысына іссапары Қордай ауданындағы Алға ауылында жалғасын тапты. №34 орта мектебінің мәжіліс залына жиналған Алға округінің тұрғындары өздерін толғандырып жүрген көкейкесті мәселелерін ортаға салды. Мәселен, Сатыбалдиев Д. Көгадыр елді мекеніндегі интернет мәселесін көтерді. Көгадыр бұрыннан бері интернетке зәру, ғылым мен техниканың дамыған заманында ең қарапайым интернет желісін пайдалана алмауда.
Сондай-ақ Боранбаев Ықылас Алға ауылының тұрғындарына мәдени-көпшілік шараларды өткізуге бір мәдени нысан қажеттігін айтты. Барлық шара мектептің акт залында өтеді, былтырғыдай карантин кезінде халық мәдени нысан жоқшылығын айтарлықтай сезінген. Сонымен бірге спорткешені керек екенын айтты. Және ең басты мәселе-жер дауы. Байсуланов Б., Әбішев Т. “Ноғайбай-казэксим” ЖШС-і үлескерлерімен арадағы жер дауына қатысты жағдайды бақылауға алуымды сұрады. Казір сот процессі жүріп жатыр. Байсуланов Б. сонымен қатар балабақша керек екенын, ауылда тек бір көше бар -  Алдаберген, сол жолды жөндеу туралы мәселе көтерді. Күмісбеков Б., Мүзбек ауылынын тұрғыны, су мен газ мәселесін көтерді. Бұдан бөлек денсаулық саласына қатысты бірқатар мәселелер көтеріліп, ол бойынша аудан әкімінің орынбасары Д.Сүгірбайға бақылауға алуды тапсырды. Барлық мәселе бойынша Алға ауылдық округі тұрғындарына түсінік берілді. Қордай тұрғындарымен келесі кездесу Кенен ауылында жалғасты.