Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    Депутат Г.Нұрымова бүгін 2553 тұрғыны бар Қордай ауданындағы Кенен ауылында азаматтарды жеке мәселемен қабылдады. Ардагерлер кеңесінің мүшесі Сатыбалдиев Жамбыл ата Кенен ауылындағы ауызсу мәселесі ауылда өзекті екенін айтып, мәселенің шешілуіне қолдау білдіруін сұрады. Сонымен қатар автобан отетін жерде малдан қоршау туралы мәселе көтерді. Келесі ұсыныс-елімізге келіп жатқан қандастарды солтүстікке орналастыру туралы. Ал ардагер ұстаз Мұсаханов Түрсынбай мемлекеттік тілді қолдау шараларын күшейту керектігін жеткізді., әйелдердің зейнет жасын төмендету туралы ұсыныс айтты. «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында аудан бойынша жалпы 337,0 млн. теңге бөлінген. Оның ішінде: Кенен ауылындағы Жылыбаева, Қашағанова, Еспаева, Кордай, Несепбаева көшелерін орташа жөндеуге 157,7 млн. теңге, (мердігер «Ақжол Сервис 2030» ЖШС). Айтқанда, Кенен ауылында осы көшелер жөндеуден өткесін ауылда 100%жолдар асфальт салынған болады, 50% жарықтандырылған. Ауылда тек екі адам жәрдемақы алады. Ұлгі ауылдардан бірі деп айтұға болады.