Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    8 қыркүйекте депутат Г.А. Нұрымова «AMANAT» Партиясының қолдауымен «Ел дамуындағы ауыл әйелдерінің рөлі» атты республикалық форумға қатысты.  Ауыл әйелдері форумының мақсаты - ауыл әйелдерін саясат, бизнес, әлеуметтік сала және т.б. салаларда қолдау көрсету. Бұл форум алғаш рет Мәртөк ауданында бастау алды. Мәртөк ауданы Ақтөбе облысында әлеуеті жоғары аудандардың қатарында. 30 мыңға жуық тұрғынның 50%-ын (14978) әйелдер құрайды. «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы аясында өткен форумда, ауылдарды дамытудағы ауыл әйелдерінің рөлі айрықша аталып, оларды алаңдатқан мәселелердің шешімін табу жолдары қарастырылды. Форумға «AMANAT» партиясының Хатшысы Эльдар Жұмағазиев арнайы қатытсты.  Сонымен қатар, №4 Мәртөк орта мектебінде ұстаздар, дәрігер, мектеп диреторларымен кездесу өтті. Кездесу барысында депуттармен сұрақ-жауап форматында оқыту, медицина салаларындағы маман тапшылығы, жалақы мәселелері талқыланды.