Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    9 қыркүйекте депутат Г.Нұрымова Облыстық перинаталдық орталықтың қызметкерілерімен кездесу өткізді. ОПО барлық заманауи стандарттарға сәйкес салынған, өткен жылы ашылды. ОПО-ның ел бойынша баламасы жоқ, бүгінгі таңда бұл ең жабдықталған және заманауи орталық, оған тек Ақтөбе облысынан ғана емес, бүкіл Батыс Қазақстан өңірінен әйелдер түседі. Айта кету керек, жоба Б.М. Сапарбаевтың облыс акімі болған кезінде тапсырмасы бойынша әзірленді.
Жоба тұрғындардың күткенінен асып түсті. Бүгінгі күні бұл бірегей медициналық мекеме өңір тұрғындарының қуанышына қызмет етеді, оның мақтанышы болып табылады. Кездесуге облыстың бас акушер-гинекологы, ОПО бас дәрігерінің орынбасары А. Н.Гайдай қатысып, орталықтың жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Кездесу барысында көтерілген мәселелердің ішінде: - қаржыландыру проблемалары, барлық шығындарды өтемейтін босануға төмен тарифтер;
- кадрлардың жетіспеушілігі және т. б. болды.