Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    9 желтоқсанда депутат Г.Нұрымова Тараз қаласында Ы.Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде "Әйелдердің ел дамуындағы рөлі" атты форумға қатысты. Форумға көптеген қатысушылар жиналды —әр түрлі жастағы, әр түрлі кәсіптегі әйелдер мәдениеттің үлкен шаңырағының астында жиналды. Барлық қатысушыларды "AMANAT" партиясы жинады, іс-шараға қатысқан әйелдер өздерінің табыс тарихымен бөлісті, өз идеяларын, тілектерін білдіріп, сұхбаттасты. Сондай-ақ оларды толғандыратын мәселелерді жалпы талқылауға шығара алуға мүмкіндік болды. Депутат өз сөзінде бүгін біздің әйелдер өз бастамаларында партияның шынайы қолдауын сезінді, болашақта сенімді бола бастады - деп атады. Еліміздің дамуы мен өркендеуіндегі әйелдердің рөлі одан әрі арта түсетініне сенімдімі екендігін білдірді. Сөзден кейін сұрақтарға жауап берды, айтылған үсыныстарды, мәселелерді жұмысқа алды. Форум жоғары деңгейде өтті.