Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
жедел жәрдем жұмысы

Ел азаматтары жедел жәрдем жұмысына жиі жүгінеді. Ал алғашқы көмекті көрсететін бұл қызмет түрінің сапасы сын көтере ме?

Бүгінде бір орталықтан басқарылады. Бірақ шалғай елді мекен тұрғындары жедел жәрдем қызметіне зәру. Медициналық көмекке мұқтаж ауылдарға 103 көлігі бара бермейді.

Бірінде байланыс болмаса, екінші елді мекеннің жолы жаман және алыс. Мен аудандарды аралаған сайын жедел жәрдем қызметіне сын айтылады. Сондықтан арасы жақын ауылдарға жедел-жәрдем тұрақты түрде қызмет етуі тиіс. “Аmanat” партиясының облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция отырысында осы тақырыпта да ой қозғадық.