Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
“Аспара” мәнерлік өнер және бизнес колледжінің ғимаратында кездесу

Бүгін жоспардан тыс Тараз қаласы “Аспара” мәнерлік өнер және бизнес колледжінің ғимаратында қаламыздың қолөнершілерімен кездестім.

Басқосу барысында қолөнершілер бірқатар маңызды мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда қолөнершілерге арналған ғимарат немесе орталық жоқ. Бұл бағыттағы мүмкіндігі шектеулі мамандарға материалдық көмек қарастыру, домбыра жасайтын шеберлерге қолдау көрсету және т.б мәселелер қозғалды.

Айтылған мәселелер өзім үшін өзекті тақырып, керекті кейс болды. Қолөнершілерден жазбаша өтініштерін қабылдап алдым.
Алдағы уақытта айтқан мәселелеріне қатысты арнайы депутаттық сауал жолдайтын боламын.