Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Шу қаласында кездесу

Шу қаласындағы емхана мәселесіне ерекше тоқталғым келеді.

Шағын шаһардағы медициналық мекеменің қызметкерлерімен кездестім.

Жиын барысында қалалық емхана мен аурухананы біріктіру туралы мәселе қозғалды. Алайда емхана ұжымы қосылуға қарсы. Бұған дейін басы қылаң берген ұсынысқа өз наразылықтарын білдірді.

Қос мекенің қосылуына қарсы тарап маған арнайы хат қалдырды. 150 қызметкердің қолы қойылған.

Ұсыныстарды жазып алдым, сапарым аяқтала сала тиісті мемлекеттік мекемелерге сауал жолдайтын боламын.