Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Меркі ауданының тұрғындарымен кездесу

Ең алдымен Ойтал ауылы №48 орта мектептің жұмысымен таныстым. Сыйымдылығы 310 оқушыға арнап салынған, алайда қазіргі таңда 3-ауысыммен 941 бала оқиды. Кабинеттер жетіспеуіне байланысты ыңғайластырып дәліздерде оқуда. Осыған орай мектеп жанынан 200 орынды қосымша мектеп құрылыс жұмыстары жүргізілуде, нысан 2024 жылдың тамыз айында пайдалануға беріледі.“Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті” мекемесінің жұмыс барысымен таныстым.Қазіргі таңда мекемеде 39 қызметкер 1 жастан 18 жасқа дейінгі 217 балаға қызмет көрсетуде.Аудандық орталық аурухана жұмысымен танысып шықтым. 200 орынды төсек жабдығы бар. Аурухана базасында 137-ге жуық ақ халатты абзал жандар қызмет көрсетуде.Сайлауалды бағдарлама аясында жүргізіліп жатқан “Андас-1,2,3” су қоймаларының құрылыс жұмыстарын көріп шықтым.Жұмыстар жүргізілуде, ағымдағы жылы аяқтауды жоспарлауда.Ойтал ауылында қоғамдық қабылдау өткізіп, жергілікті тұрғындар мәселесін тыңдадым.