Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қордай ауданының тұрғындарымен кездесу

Бүгін Қордай ауданында болып, сайлаушыларыммен кездестім.Алдымен аудандық мемлекеттік архив мекемесіне бардым. Ұжымның жұмыс барысымен таныстым. Қызметкерлер тарапынан жалақының төмендігі туралы айтылды.Сонымен қатар, Қордай ауылы Өтеген көшесіндегі көпірдің жағдайы көпті алаңдатып отыр. Халық үшін қауіпті, жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Ал республикалық маңызы бар “Қарасу-Өтеген” бағытындағы тас жолдың мәселесі де мәз емес. Алдағы уақытта екі нысанға жобалық сметалық құжаттама әзірлеп, қаржы қарастыру қажет."Қарасу" спорт кешенінің жұмыс барысымен таныстым. Нысан 2023 жылдың қазан айында пайдалануға берілген. Мұнда жарыстар мен жаттығу жиындары жиі өтеді. Түрлі спорттық үйірмелер жұмыс істейді. Білікті жаттықтырушылары бар. Бұл ауылдық округ үшін өте қажет нысан.Қызылсай ауылы, №10 орта мектебінде тұрғындармен кездесу ұйымдастырылып, қойылған сұрақтарына жауап бердім.