Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Бүгінгі таңда еліміздің 10 өңірін су басып, бірнеше аймақта төтенше жағдай жарияланды. Ал, Жамбыл облысы табиғаттың тосын мінезіне дайын ба? Кенет қауіп төне қалса, жауаптылар апаттың алдын алу үшін қандай жұмыстар жүргізіп жатыр?

Өңірдің тасқынға қарсы дайындығын білу үшін Жамбылға келдім. Алдымен жұмыс сапарымен Меркі ауданында болдым. Жалпы, Жамбыл облысында 105 су қоймасы бар десек, оның 23-і Меркіде.

Іс-сапар барысында Кеңес ауылындағы “Кеңес” су қоймасына бардым. Бүгінгі күні елді мекенде 2500 тұрғын бар. Қоймадағы судың сыйымдылығы 600 млн кубты құраса, бүгінгі таңда онда 80 пайыз су жиналған. Яғни қоймадағы су деңгейі тұрақты. Тереңдігі 2-3 метрді құрайды. Әкімдіктегілер мен төтенше жағдай мамандарының сөзінше, ешқандай су тасу қаупі жоқ.