Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Жұмыс кеңесіне қатысу

8 сәуірде депутат Г.А. Нұрымова  Қазақстан Халық партиясының Мәжілістегі Фракциясы бастамасымен дәрілік заттарды сатып алу және олармен күрделі және сирек аурулары бар пациенттерді және денсаулық сақтау ұйымдарын қамтамасыз ету жөніндегі мәселелері бойынша "СҚ-Фармация" және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қызметі туралы Жұмыс кеңесіне қатысты. Іс - шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі, "СК-Фармация" ЖШС басқармасы, "Атамекен" ҚР ҰКП және ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Депутат Г.А. Нұрымова кездесу барысында мұқтаж адамдарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге байланысты өте маңызды мәселені көтерді. Бұл - пациенттерге аналогтар мен женериктерді емес, түпнұсқа дәрілерді жеткізумен байланысты. Емдеуші дәрігерлердің және пациенттердің айтуы бойынша олар емдеу үшін тиімсіз болып табылады.Депутат мемлекеттік органдар өкілдерінің назарын осы мәселеге аударып, медициналық препараттардың түпнұсқаларын сатып алу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.Сонымен қатар, депутат №666 бұйрыққа қатысты мәселе көтерді, оған сәйкес өтінімдер ересектер мен балаларға бөлінеді.Осыған байланысты балалар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мүмкіндігінен айырылған. Осы және басқа да өзекті мәселелер өз шешімін табуға тиіс және бұл кездесу депутаттық корпустың, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-ның оларды шешу үшін бірлескен іс-қимылына бастама берді.